Шымкент

  • Страна: Казахстан
  • Город: Шымкент
  • Код ИКАО: UAII
  • Код ИАТА: CIT


С
Сергазы оценил 31.08.2022

Армысыздар

құрметті Шымкент халықаралық әуежайы басшылығы. Мен 24.08.22ж Шымкент-Қостанай
бағытындағы рейстің жолаушысымын. Аэропортта жүктерді және адамдарды тексеру
барысында өздерін Сапарова Жібек және Шыңғысов Байдаулет деп таныстырған екі
қызметші тарапынан кеткен олқылықтарды жеткізгім келеді. Аталған қызметшілер Қазақстан Республикасы Инвестициялар және
даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 540 бұйрығымен
таныспаған. Жолаушыларды, багажды және жүктерді әуе
көлігімен тасымалдау қағидаларын мүлде білмейді.
Сапарова Жібек есімді тексеруші өзіммен алып
жүрген рюкзакты (қол жүгі) ашуды, ішіндегі заттарды шығаруды бұйырды. Сөздері
түйеден түскендей дөрекі. Мен рюкзакта екі пластик бөтелкеге құйылған, ауызы
герметикалық бұрандамен тығындалған, сырты полиэтилен пакетпен қапталған тосап
барын айттым. Соған қарамастан құдды бір қауіпті қылмыскерді тексеріп жатқандай
зілді сөздерімен екі пластикалық бөтелкені шығаруымды бұйырды. Сөйтіп ешкімге
ешқандай қауіп төндірмейтін герметикалық жабылған 2 пластикалық бөтелке тосапты
өткізбей қойды. Қызметкердің жүктерді тасымалдау ережелерін білмеуінің
салдарынан заттарды қалдыруға мәжбүр болдым.
Одан әрі өзін тексерушілердің бастығымын деп
таныстырған Шыңғысов Байдаулет есімді тексеруші 5 жасар қызымның қолындағы ойыншық
су шашатын пистолетіне (суретте) шүйлікті. Неліктен ойыншықты алып өтуге рұқсат
жоқ екенін сұрағанымда, 2011жылғы әлдебір бұйрыққа сүйеніп, қаруға ұқсас
заттарды тасымалдауға тыйым салынғанын айтты. Ойыншық жасыл және қызыл түсті
пластмассадан құралған су шашатын құрылғы, қаруға мүлде ұқсамайды. Соны
өткізбей менің 5 жасар қызымды жылатып қойды, «сіздің қызыңыз жылады екен деп
өткізе алмаймын» деді. Адамгершілік, түсіністік мүлде жоқ, тәрбиеден жұрдай. Егер
тексерушінің әрекеті дұрыс болса, неліктен сөмкедегі екінші баламның дәл сондай
ойыншығын тәркілеген жоқ. Сөмкеде одан бөлек тағы да пластмассадан жасалған
ойыншық револьвер (суретте) болды, оған неге ештеңе айтпады? Сонда тексерушілер
тек формальдылық үшін (для галочки) жұмыс жасай ма? Тек менің 5 жасар қызымды жылатуға шамасы келгені ме?
Кішкентай қызды жылатып қойып, аса қауіпті қылмыскерді құрықтадым деп кеудесін
керетін шығар енді. Ұят-ай!
Жоғарыда көрсетілген 2 қызметкер де жолаушыларды,
багажды және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау қағидаларын білмейді. Жолаушылар
мен жүктерді тексеру пунктінде 2011ж бұйрық жаңартылмаған.
Аталған қызметкерлерге өз жұмысына салғырт
қарауына, қызметтік міндеттерін дұрыс атқармауына, бұйрықты білмеуіне
байланысты, жолаушыларға дөрекілік танытқаны үшін тиісті шешім қабылдап, шара
қолдануларыңызды сұраймын.
Бердіханов С.
Шымкент-Қостанай рейсінің жолаушысы.